Чехиядағы гей-порностудиясында жұмыс істейтін жігітпен сұхбаттасып, оның табысы, кеңседе немен айналысатыны және порно актерлар жайлы ойын білдік.

18+ Материал.

Иллюстрации

АЙГЕРИМ САТТАР


Мен Қиыр Шығыста дүниеге келдім. Бала кезімнен сурет салғанды ұнатамын. Алты жасқа дейін бейнелеу өнері студиясында, кейін өнер мектебінде, тоғызыншы сыныптан соң графикалық дизайн мамандығы бойынша колледжде оқыдым.

Петербургке оқуға түсуге тырысып көрдім, бірақ экзаменге өтпей қалдым. Сол жылдың жазында Чехияда чех тілін білетіндер үшін тегін оқу барын білдім. Тіл курстарына жазылып, кейін университетке графика факультетіне оқуға түстім. Оқу кезінде ара-тұра иллюстратор болып жұмыс істедім.

Менің бір ғана мақсатым болды  сурет салу және еңбегім үшін ақша алу. Сонымен қатар өзімнің көрмемді ұйымдастырғым келетін. Порно өндірісте жұмыс істеп, тіпті artsy-порно түсіруді ойлайтынмын. Ойымды жүзеге асырдым десем де болады.

Бәрі қалай басталды?

2017 жылдың ақпанында Прагаға көштім. Ол кезде ата-анам қаржылай қолдауын тоқтатқан еді, кейде жалға алған үйімнің ақшасын жіберіп тұратын. Наурыздан бастап табыс көзін іздей бастадым, бірақ қалауыма сай жұмыс болмады. Фриланстан басқа тәжірибем жоқ, ал жұмыс берушінің бәрі біліктілікті талап етеді. Мен жұмыс визасын алуым үшін келісім шарт бойынша жұмысқа орналасуым керек еді.

Кейде гейлерге танысуға арналған жергілікті сайтқа кіріп тұратын едім. Бірде «Сен жассың ба? Дизайнер жұмысын іздеп жүрсің бе? Аdult-content жасағың келе ме? Бізге хабарлас» деген баннерді көзім шалып қалды. Танысу жайлы ұмытып, сілтемені бастым.

Жұмыс ұнады, алайда тәжірибем болмағандықтан, оның үстіне бірнеше рет өтінішіме «жоқ» деген жауап алғандықтан өзіме сенімді емес едім. Досым бұл вакансияның маған арналғанын айтып, барынша қолдады.

Түйіндемемді толтырып, студияның электрон поштасына жібердім. Келесі күні мені сұхбатқа шақырды. Барған жерімде кеңсе үлкен, сәнді, жиһаздары тері, алтын және барқытпен қапталған, ал бастығы күнге күйген метросексуал болады деп ойладым. Бірақ кеңсе қарапайым, тіпті жұпыны болды. Ал мекеменің басшысы екі қарапайым жігіт болып шықты.


Барған жерімде кеңсе үлкен, сәнді, жиһаздары тері, алтын және барқытпен қапталған, ал бастығы күнге күйген метросексуал болады деп ойладым.

Талап пен міндет жайлы

Оларға фотошоп, видеоны өңдейтін бағдарламаларды және ағылшын тілін білетін адам қажет болды. Мен мұның бәрін меңгерген едім. Жұмыс берушілер қызметімнің гей-порнографиясымен байланысты екенін бес рет еске салды. Бұл мен үшін кедергі емес еді, өмірде бәрін көріп-білу керек деп ойлаймын. Компания еркін жұмыс кестесін, сақтандыру және келісім шарт бойынша жұмысқа орналастыруды ұсынды. Алайда жұмыс кестесі олар айтқандай еркін болмады. Айдың соңында жұмыс істеген сағатыңды есептейді. Аптасына шамамен 40 сағат жұмыс істеуім керек.

Келісім шартта менің қызметім графика дизайнері деп көрсетілген. Шамамен 25 мың крон аламын (409 мың теңге). Түсірілген материалдан скриншот пен стилл жасаймын, өлшемді өзгертемін, видеоның түсін ретке келтіремін, жамбас пен беттегі безеуді арнайы бағдарламамен алып тастаймын. Видеоға түскен адамның бойындағы табиғи кемшіліктерді фотошоппен өңдеймін. Мысалы, бір жігіттің қолында қорқынышты тыртықты алып тастағаным есімде.

Бір видеодан шамамен 50-60 сурет жасап, оларды сайтқа жүктеймін. Сондай-ақ, жаңалық таратып, жаңа эпизодтарға жарнама жасаймын. Бір күні қосымша ақы үшін бір видеоны өңдегенім есімде. 

Студия жайлы

Негізгі жанр — POV (point of view) форматындағы gay for pay, яғни роликтердің көбінде біздің актер Прагада камерамен жүріп, гетеросексуал жігітті іздейді. Сценарий бойынша «құрбанды» тауып, актерымыз жыныстық қатынасқа ақша төлейтінін айтады. Барлығы қарапайым дүниелерден басталады: мың кронға кеудені көрсету, екі мың кронға пенисті сору, ал 15-20 мың кронға төсектес болу. Бұл жобалардың бірі ғана, бірақ студияда шығарылатын фильмдердің жалпы мағынасын тамаша бейнелейді. Дегенмен видео нашар түсірілген, сапасыз әрі өте арзан. Әрбір эпизод бір-біріне ұқсайды. Тек адамдардың түрі мен оқиға сәл өзгеріп отырады.

Студияда актерларды есептемегенде жеті қызметкер бар. Актерларға қойылатын талап қызметкерлердікіне қарағанда басқа. Өнім бөлімінде жұмыс істейтін екі адам кеңседе отырмайды. Олар тек түсіру, кастинг немесе АИТВ-тестілер болғанда ғана келеді, модель іздейді, келіссөздер жүргізеді, түсіру орындарын таңдайды және сценарий жазады. Бұл қызметке дейін өздері порно актер болғанына қарамастан, жұмысын дұрыс атқармайды.

Постпродукция бөлімінде менен басқа тағы екі жігіт  монтажер мен аудармашы жұмыс істейді. Монтажер негізгі екі жобамен айналысады, сонымен қатар продюсердің қызметін атқарады. Аудармашы қажет болса (ал ол көбіне қажет) субтитр жазып, оны аударады. Себебі чех тілін көбі біле бермейді.

Түсірілім жайлы

Әдетте видеоны жалдамалы пәтерлерде немесе табиғатта түсіреміз. Бірақ бір жоба іште, яғни кеңседе түсіріледі.

Сценарий бойынша оқиға былай өрбиді: жұмыс тауып берумен айналысатын кеңсеге жас жігіт (актер) келеді. Әрине, оған жұмыс ауадай қажет. Кеңседегі қызметкер келген жігітке қызметі үшін қандай да бір жарна төлеу керегін айтады. Жігіт қолында мұндай ақшаның жоғын айтады. Амалы таусылған жігіт жұмыс үшін қызметкердің алдында шешініп, жыныс мүшесін сора бастайды. Осылайша басталған оқиға ары қарай дами түседі.

Актерлармен жиі сөйлесеміз: қателерін көрсетіп, қандай позалардың міндетті екенін, қандай кадрлардың шығу керегін түсіндіреміз. Біздің ескертулерімізден соң жігіттердің көбі мектеп оқушысы сияқты ақталып, барлығын түсінгенін, қатемен жұмыс істейтінін айтады. Бірақ бәрі қайталанады. Менің ойымша, олар жұмысты дұрыс орындауға барынша тырысады.

Барлық актер өзін «гетеросексуалмын» дейді. Кейбірінің баласы, қызы/әйелі бар. Менің ойымша, олар кем дегенде бисексуал. Әрине, біреудің жыныстық ориентациясын талқылауым дұрыс емес, бірақ жұмыс барысында бәрі айдан анық.


Барлық актер өзін «гетеросексуалмын» дейді

Бірде достарым порно актерлерді сипаттауымды сұрады. Басыма тек бір тіркес келді — аяғы бар жыныс мүшесі. Бізде жұмыс істейтін жігіттердің бәрі маған өте қарапайым болып көрінеді, кейбіреулерге ақыл-ойдың ұшқыны жетіспейді. Олардың барлығы жеңілтек, бала сияқты шулайды. Сонымен қатар көбінің эгосы зор. Тіпті бастығым оларды ренжітпеуім үшін жұмысын сынамауымды өтінді. Алайда тәжірибеге сүйенсек олардың қатесін айту керек екен. Жеті айдан соң менің айтқаныма құлақ аса бастады.

Алғаш күндері актерлар менімен сөйлеспейтін еді, тіпті амандаспайтын. Біреуі менімен араласқысы келді, одан да тырыспаса да жақсы болар еді. Оның әзілдері оғаш, кеңседе жиі жалаңаш жүріп, кейде біздің алдымызда мастурбация жасап жатқандай кейіп танытатын. Бірде менеджердің қателігінен таксимен түсініспеушілік болды. Сол кезде әлгі актерға үйіне жетуге көмектестім. Кейін ол қисынсыз әзіл айтуды тоқтатты.

Уақыт өте келе актерлар мені ортасына қабылдай бастады. Бір жігітпен темекі шегуге шыққаным есімде. Түсірілімдер, ауа райы туралы әңгімелесе бастадық. Ақыр соңында бұл жерден есі дұрыс адам таптым деп ойладым. Кенеттен ол метрода қысқа белдемше киген қыздарды көрсе жыныс мүшесінің тұратынын, пенисі үлкен болғандықтан оны жасыру мүмкін емес, сондықтан керек станциясынан түсіп қалу қиын екенін айта бастады. Мұны айтқанға дейінгі ойымнан айнып қалдым. 

Қиындықтар жайлы

Біз түсіретін порноның сапасының нашар болғаны сонша, оны жақсартуға үміттенбеймін. Көнуіме тура келеді. Өнім бөлімімен қарым-қатынас та мазамды қашырады: біз олармен сөйлесіп, не істеу/істемеу, түсіру/түсірмеу керегін талқылаймыз, алайда мұның пайдасы шамалы.

Жалпы, сапалы порно  сирек кездесетін дүние. Сондықтан мен білетін адамның көбі home videos көреді. Мен өзім әуесқой түсірілген видеоларды немесе маған ұнайтын актерлар түскен порноны қараймын. Чех порносының атақты болуын түсіне алмадым, еш ерекшелігі жоқ сияқты. Мүмкін адамдарға видеоның сапасыз болуы мен актерлардың жасандылығы ұнайтын шығар?

Кейде жұмыста секстың, ыңқылдың дыбысы шығады. Камералар істемей қалған кезде актерлар кеңседе жартылай жалаңаш жүретін кездер болады. Бірақ жұмысымда офис таза, айлық жақсы, кондиционер бар. Елде жұмыс визасымен қалу үшін басқа кемшіліктің бәріне шыдауға болады.