ҚР Конституциясы бойынша, Қазақстан - әрбір азаматы дін бостандығына ие зайырлы мемлекет. 2009  жылғы жыл санағы бойынша халықтың 70,2 %-ы, яғни 11 миллион адам ислам дінін ұстанады.

Жыл сайын хиджаб киген мұсылман қыздардының саны көбейіп келе жатыр. Қазақстандықтардың көбісі мұсылман болғандығына қарамастан, хиджаб кию халық арасында әр түрлі пікірлер тудырады. Біреулер жақтаса, біреулері «хиджаб қазақтікі емес» деп ашуланады. Қазіргі таңда мектептерде хиджаб киюге тыйым салынды, бұған қарсы шыққандарға айыппұл салынған болатын.

Біз қазақстандық мұсылман қыздарынан хиджабқа қатысты сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Айнура

(есім кейіпкердің өтініші бойынша өзгертілді)

23 жаста, хиджаб киіп жүргеніне 11 ай болды

Хиджаб, еркіндік жән ғылым туралы

Мен Сүлеймен Демирел атындағы университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірдім. Көп адамның ойынша, университет дінге қатысты ойымызды өзгертеді, алайда олай емес, оқытушыларым менің дінге деген көзқарасыма ықпал етуге тырысып көрген емес. Мен мұндай әрқашан көмектесуге дайын қайырымды адамдар кездестіріп көрген емеспін. Содан соң КИМЭП-ке магистратураға түстім, а кейін Назарбаев университетіне қабылдандым.

Бес жыл бұрын, бірінші курста намаз оқып бастадым, ал хиджаб киместен бір жыл бұрын жабық киініп жүрдім.

Егер де тек бір Құдай  және оның елшісі Мұхаммед деп айтсаңыз, сіз мұсылмансыңыз. Бірақ хиджаб кимесеңіз, намаз оқымасаңыз, сіз күнәһар болып есептелесіз, алайда мұсылман болудан қалдыңыз деген сөз емес. Мен Құдай өсиетін орындағым келді де, өткен жылдың маусымында хиджаб киюді бастадым. Рамазан айында отбасыммен Түркияға барған болатынмын, көп дұға оқыдым және маған хиджаб керек екендігін тісіндім.


Күйеуім маған орамал таққанымда жеке тұлға ретінде қарайтындығын жеткізді

Мен үшін орамал шеттетушіліктің бейнесі емес, керісінше, менің таңдауым, менің сөз бостандығым, оны кие бастағандығымда, өзіме сенімді бола бастадым.

Қазақстанда хиджаб кию қиын, себебі тақсан, адамдар түсінбейді. Мені қоғам қабылдамайды деп қорқатынмын, құрбыларым маған осыған қатысты бірнеше оқиғаны айтып берген болатын. Осының бәрі менің хиджаб киюімді тежеледі. Шынымды айтсам, мен өмірімде хиджаб кигеніме қатысты ашық кертартпалық көрген жоқпын.  Алғашында адамдар менімен қалай сөйлесу керек екендігін білмейтін, бірақ уақыт өте келе, менің олардан еш айырмашлығым жоқ екендігіне көздері жетті. Тіпті болашақ жұбайым да. Өзің діндар болғанына қарамастан, алғашында ол да таңғалды. Ол ешқашан менен хиджаб киюімді талап еткен жоқ, алайда арамандаған екен. Күйеуім орамал таққанымда, маған жеке тұлға ретінде қарайтындығын жеткізді. Шындығында, мен жұмыста еркектердің қыздарға басқаша қарайтын байқағанмын, орамал таққанымда, маған деген көзқарастары өзгерді.

Ал туыстарым хиджаб киетінімді ағамның үйлену тойы кезінде білді. Біраз таңғалса да, үлкен әжемнен басқа ешкім ештеңе деген жоқ. Әжем жастық шағымда қысқа көйлек кию керектігін айтып, лекция оқыған болатын. Отбасым мен туыстарымың арасында мен бірінші болып хиджаб кидім және менен оны тастауымды талап етеді деп қорққанмын, бірақ барлығы бұл шешіміме қарсы шыққан жоқ.

Неге әйелге орамал таққызу оңай? Сіз бір компанияның басшысыз және сізде екі жұмысшы бар делік. Біріншісі сіздің тапсырмаңызды орындайды, ал екіншісі орындай алмайды. Сіз жұмысты кімге тапсырасыз? Әрине, біріншісіне. Әйел - бірінші қызметкер. Ол Құранда жазылғанды орындайды,  хиджаб киеді, себебі ол мықты адам. Ал еркек ондай емес.

Қазақстандағы ислам діні және тыйымдар туралы

Қазақстан - зайырлы мемлекет, соныдықтан да хиджаб киюге тыйым салу таңқаларлық жағдай емес. Біздің қоғам орамал таққан қыздарды қабылдауға дайын емес. Тіпті тыйым діндар адамдардың қауіпсіздігіне септігін тигізуі мүмкін. Егер де көпшіліктің дінге деген өшпенділігі артатын болса, мұсылмандарға қарсы күш қолданылатын болса, онда мемлекеттің мекетепте хиджаб киюге тыйым салуы дұрыс. Бірақ, әрине, діндар адамдардың да үкіметте отырғанын қалаймын.

Мен Қазақстанда өмір сүріп жатырғаныма қуаныштымын, себебі орамал тағуым қоғам немесе заң міндеттегенінен емес, өзім қалағандықтан. Олардың хиджаб киюін заң бойынша талап ететін мемлекеттердегі қыздардың жағдайын ойлағым да келмейді. Әрине, мұсылман қыздар орамал тағуы тиіс, бірақ олардың әрқайсысы хиджаб кимеуге хақысы бар, тіпті Құдайға сенбесе, діннен бас тарта алады. Әр адам қалай өмір сүргісі келсе, солай өмір сүру құқығы бар. Ал мен өзім нені дұрыс деп есептесем, соны жасаймын, тек қана осы өмір жайлы ғана ойламаймын, о дүниеде жауап беретінімді есімде сақтап жүремін.

Мұсылман қыздарға барлық нәрсе тыйым салынған деп айта алмаймын. Қазір әр жерде феминистік ой қалыптасқандықтан сондай пікір туындайды. Әрине, әйел мен еркек  Құдай алдында тең. Тек менің түсінігімде әйел - ошақ иесі, еркек - табыс табушы. Бірақ әйел де өз табысын таба алады, бұл маған ұнайды.

Қазақстанда діни синкретизм қалыптасқан: діндер бір-бірімен араласып кетті. Қазақстан 70 жыл КСРО құрамында болып келді, адамдар өздерінің діни көзқарастарын, намаз оқитындықтарын жасырып келді. Біздің ата-анамыз діни білім алған жоқ, сондықтан да біздің салт-дәстүрлеріміздің негізінде ислам дінінен келген екенімізді білмейміз. Мысалы, «неке қию»  «никях» (шариат бойынша үйлену) сөзінен шыққан.

Шындығында, ислам діні - әдемі дін, ол туралы әңгіме қозғаған кезде тозақ жайлы емес, жұмақ жайлы айту керек.

Гаухар

30 жаста, хиджаб киіп жүргеніне 10 жыл болды.

Хиджаб және Құран туралы

Бірінші курста болашақ жұбайымен таныстым. Ол өзгеше болатын: ол басқа  қағида, басқа өмір сүру салтын ұстанатын. Мен өмірімде ойланып көрмеген сұрақтар қоятын: өмірлік мақсатым не, мен үшін не маңызды, мені о дүниеде не күтіп тұр? Менің бұл сауалдарға жауабым жоқ еді. Адам жас кезінде өлім туралы ойламайды. Сол кезде түсінгенім мынау: өмір мен уақытымды бағаламаппын.

Ал исламда көп сұраққа жауап таққан кейін, менің көзқарасым түбегейлі өзгерді, басқаша ойлай бастадым, өз жақындарымды, денсаулығымды, уақытымды бағалай бастадым, бақытты бола бастадым және басқалары да бұны байқады.

Анам діндар болу шешімімді қолдады, ал әкем  шошыған болатын. Ол намазды тек зейнет жасында оқитынын жеткізді. Бірақ көбісі ол жасқа жетпейді ғой. Намаз бірінші кезекте сенің өмірің жайлы, сенің қаншалықты Құдайды ұлықтағаның жайлы есеп.

Әкем орамал тағу шешіміме де қарсы шықты, үйде киіп жүруіме тыйым салды. Бұрын қыста шаш үлгімді бүлдіріп алмас үшін бас киім тақпайтынмын, бірақ намаз оқуды бастағанымда орамал тағып, оған үйрене бастадым. Әкем басыма суық тимейді деп разы болатын, бірақ көктем келгенде, орамалды үнемі тағып жүргенімді байқады. Хиджаб киіп жүргенімді және оны тастамайтынымды айтуға тура келді.

Қазақтар тек сөз жүзінде ғана мұсылмандар. Біздің ата-аналарымыз кеңес дәурінде өсті, сондықтан да тек көбісі мұсылмандар қандай болу керектігін білмейтін. Кішкентай кезімізде Құран қол жетпейтін сөрелерде тұратын, оны ұстауға, ашуға болмайтын. Біз оның тек қана өлгендерге арналған деп ойлайтынбыз, себебі оны тек адам қайтыс болғанда оқитын. Шындығында, Құран - тірілерге арналған кітап, бақытты өмірге апаратын, адам, уақыт, күн, ай, жұлдыз не үшін жаратылды деген сауалдарға жауап беретін кітап. Оны зерттей бастағанда, көзқарасың түбегейлі өзгереді.


Қазақтар тек сөз жүзінде ғана мұсылмандар

Ислам дінін қабылдағаннан кейін, осы уақытқа дейін жасап келгендерім дұрыс еместігін түсіндім. Мұсылман болу дегеніміз тек бір Жаратқан және оның елшісіне сену, бірақ бұл жеткіліксіз, себебі Аллах адамдарды тек оған табынсын және құлшылық етсін деп жаратты.

Тыйымдар мен шектеулер жайлы

Құранда тыйым салынған нәрселер, шындығында, адам денсаулығына зиян келтіреді, сол себептен тыйымдар адам игілігі үшін жасалған.

Құранда әйелдер өз сұлулығын бөтен көздерден аулақ ұстап, жамылып жүруі керек. Жартылай жалаңаш қыздарға еркектер арам ниетпен қарайды және бұл зорлық-зомбылықтың өсуіне апарады. Әйелдерді құрметтелмейтін болды. Хиджаб әйелдің абыройын көтереді. Біз тек көшеде жамылып жүреміз, ал үйде отбасы мен күйеуіміздің алдында орамал тақпаймыз, әдемі көйлеп киіп, шашымызды сәндейміз. Ал қазір әйелдердің көпшілігі өздеріне назар аударту үшін әдемі киінеді.

Қыз бала орамал таға отырып, өзін дұрыс ұстау, байсалдылық танытуы керек. Ол - барлық мұсылман қыздардың бейнесі. Мысалы, мен тыйым салынған жерде жолдан өтпеймін, мақсатым - адамдардың барлық мұсылман қыздар да осылай жолдан өтеді деп ойламасын.

Көп адамдар мұсылман қыздарды аяйды, ешқайда шыға алмайтын бейшалар деп ойлайды. Хиджаб мені шектемейді. Әрине, мұсылман қыз балаларға денеге жабысып тұратын киім мен шалбар киюге болмайды, бірақ әйелдің еркектен айырмашылығы көрініп тұруы керек. Белдемше - әйелдіктің, нәзіктіктің белгісі, оны киген әйел көрікті, ал шалбар кигендердің жүріс-тұрысы еркектерге ұқсай бастайды.


Мен өзімді мешеу, кеміс сезінбеймін. Бұл тек мұсылмандарға қатысты қате пікір және оны өзгертуіміз керек


Теңдік туралы

Теңдік жоқ - әйел еркектен бір саты төмен тұрады, себебі ол қабырғадан жаратылған. Әйелдің жұмағы еркектің аяғы астында. Әйел күйеуіне бағынуы керек, себебі ол әлсіз, өз қалауына беріледі, уақытында тоқтай алмайды. «Тоқта!» дейтін еркексіз әйел өз дегенін жасай береді. Қазақта сөз бар: «Әйел бұзылса, ұлт бұзылады».

Бірақ ислам әйелді ұлықтайды. Хадис бар: «Ең жақсы адам өз әйелін құрметтейтін адам», шындығында да, мұсылмандар әйелдерін қадірлейді және жалпы әйел затын сыйлайды. Олар бізді жамандықтан қорғауға тырысады.


Әйелдің жұмағы еркектің аяғы астында


Жәмиля

29 жаста, хиджаб киіп жүргеніне 5 жыл болды

Үйленгенімізде, не мен, не күйеуім мұсылман еместік. Біз зайырлы отбасыда ер жеттік, барлық жастар секілді дінге берілмеген едік. Уақыт өте келе жұбайым ислам дінін қабылдады, әр апта сайын жұма намазына бара бастады. Мен де оны қолдап, намаз оқып, содан соң хиджаб кие бастадым. Әрине, мұндай шешім бір күнде қабылданған жоқ. Егер де осы сәтте хиджаб кимесем, кейінге қалдыра беремін деп ойладым. Бұл қарарға күйеуімнің сенімі мен дүниетанымына құрмет көрсету үшін келдім, мен оның бұған қуанатынын, қалайтынын білетінмін. Ал күйеуіңе жағу да Жаратқанға деген құлшылықтың бірі болып есептеледі. Хиджаб киюде де бір романтика бар, орамал таға отырып, өз сұлулығыңды тек сүйген жарыңа арнайсың.


Бұл қарарға күйеуімнің сенімі мен дүниетанымына құрмет көрсету үшін келдім, мен оның бұған қуанатынын, қалайтынын білетінмін. Ал күйеуіңе жағу да Жаратқанға деген құлшылықтың бірі болып есептеледі

Шындығына келер болсақ, адамдар сұлбаңа қарап, қандай адам екеніңді біле алмайтындай киіну керек. Мен өз хиджабымды  үлгілі бір нәрсе дей алмаймын. Әрине, мен барынша қарапайым киінемін, бірақ қалай қаласам, солай киінемін. Джинс кигенім үшін адамдар мені айыптауы мүмкін, бірақ, менің ойымша, ең алдымен не істесеңде, ізгі ниетпен істеуің керек.

Хиджаб менің болмысыма әсер етпейді. Орамал таққанымнан бері түбегейлі өзгерген жоқпын, тек жақындарымның барлығы біраз шошыды. Адамдарға шешімді бір күнде қабылдады деп ойлаған болатын. Кеше ғана қыдырып, көңіл көтеріп жүрсек, бүгін өмір сүру салтымызды бәр сәтте өзгерткендей болдық. Анам қатты уайымдаған болатын, менің орамал тағуым өткінші деп ойлады. Біраз келіспеушілік, түсініспеушіліктер, ұрыстар болды, бірақ содан кейін барлығы тынышталды. Хиджабтың арқасында нағыз достарым кім екендігіне көзім жетті.

Негатив және зорлық-зомбылық жайлы

Негатив, әрине, әрқашанда бар. Хиджаб кимеген кездерімде де қоғамдық орындарда үлкен адамдар менің киінгеніме немесе сөйлегеніме тиісетін. Ал хиджаб киіп бастағанымда, адамдар «Қазақ қыздары ешқашан хиджаб киген емес, арабтарға еліктеп жүрсіңдер» деп шықты. Осындай сәттерде «Қазақтар ежелден джинс киіп келген жоқ» деп айтқым келеді. Сенім мен дін жүректе болу керек, оны киім арқылы көрсетудің қажеті жоқ» дейтін адамдар әрқашанда табылады. Үнемі әр түрлі пікірлер естисің, ең бастысы, барлығына сабырлықпен қарау керек.

Қыз баланы зорлау үшін оның киімі ашық болуы шарт емес. Мәселе киімде емес, адамның психологиясына келіп тіреледі. Хиджаб зорлық-зомбылықтан сақтау үшін жаратылмады және қорғамайды да. Егер біреу жамандық жасағысы келсе, ол адамның киіміне қарап жатпайды. Жалпы айтқанда, еркектер не қаласа, әйелдер соны киеді, яғни олардың қалаулары әйелдің кейіпіне әсер етеді, олар қаламаса, әйелдер ашық киінбеседі деп ойлаймын. Ал күйеуі әйелінің жабық киінгенін қалайтын болса, әйел солай киіне бастайды.


Хиджаб зорлық-зомбылықтан сақтау үшін жаратылмады және қорғамайды да

Әйел орамал таққанда, адамдардың оларға деген көзқарастары өзгереді. Бұрын жас жігіттер сен туралы әзілдеуі мүмкін, танысқанда дөрекілік танытуы мүмкін. Ал қазір мұндай нәрсе жоқ.

Тыйым және әйел құқықтары жайлы

Тыйым тыйым емес, тек шектеулер ғана. Олар адамның ақ пен қараны ажырата алуы үшін керек. Барлығы адамның ойы шатаспасы үшін жасалған. Ал егер де бір нәрсеге тыйым салынатын болса, онда үзілді-кесілді тыйым салынады. Ішімдікпен мысал келтіріп көрейік, бір бокал шараптан ештеңе болмайды деп айтылады, бірақ ислам дінінде мынандай ереже бар: «Көп мөлшерде тыйым салынған нәрсе, аз мөлшерде де тыйым салынған».

Әйел мен еркек табиғаты бойынша әр түрлі. Мен өзімді феминистка деп айта алмаймын, бірақ әйел эмансипациясын жақтаймын және тұрмыстық зорлық-зомблыққа, қыз алып-қашушылыққа қарсымын. Қазақстанда әйелдерге не болып жатырғандығын білемін және бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Ислам діні әйелді ұлықтағанына қарамастан, бізде көне қағидалар сақталып қалған.

Араб елдерінде әйел құқықтары Еуропаға қарағанда жиі бұзылады, бірақ бұл ислам дінімен емес, сол елдердің салт-дәстүріне, рухани көшбасшыларына, үкіметіне, білім беру жүйесіне байланысты. Қыз балаларға оқуға рұқсат етілмегеннің салдарынан олардың құқығы аз. Олар тіпті өздерінің құқықтарын бар екенін де білмейді.

Билік мектепте хиджаб киюге, ал үлкен адамдарға сақал өсіруге немесе қара киім киюге тыйым салу арқылы терроризмді жеңуге болады деп ойлайды. Мәселенің мән-жайына баруымыз керек. Жақсы отбасыдан шыққан  тәрбиелі, білімді адам террорист болуы екі талай. Бар мәселе жастардың жұмыссыздығында, олардың қажетті білім алу және жұмысқа тұруға мүмкіндіктері жоқ. Ал осындай адамдар теріс ағымдарға оңай беріледі.


Жақсы отбасыдан шыққан  тәрбиелі, білімді адамның террорист болуы екі талай

Хиджаб кию ислам дінін қалай насихаттайтынын мен түсінбеймін. Қанша жерде насихатталсын, бірақ адамдардың ақылы бар шығар. Менің ойымша, адам кім болғысы келсе, сол адам болуы керек.  Мен барлық адамды құрметтеймін, менің айналамда ислам дінін ұстанатындар да, агностиктер де, тақырбас, татуировкасы мен пирсингі бар адамдар да бар. Әр адам өзі болып қалу керек. Адамның қандай дінді ұстанағаны емес, оның қандай адам болғаны маңызды.

Фарида

22 жаста, 9 жыл бойы хиджаб киіп келді, бір жыл бұрын тастады

Мен діндар отбасыда туылдым. Мен ата-анам  ислам дінін туылғаннан бері ұстанбады; олар көп діни сенімдерінің теорияларын зерттеген, бірақ соңында ислам дінін қабылдады. Кішкентай кезімізден бері сіңілім екеуімізді намазға, хиджаб киюге, ораза ұстауға үйретті. Бізді мәжбүрлеген жоқ, бірақ біздің отбасыда Құдайға қарсы шығу күнә болып есептеледі.


Отбасымызда Құдайға қарсы шығу күнә болып есептеледі

Мен діндар отбасыда туылдым. Мен ата-анам  ислам дінін туылғаннан бері ұстанбады; олар көп діни сенімдерінің теорияларын зерттеген, бірақ соңында ислам дінін қабылдады. Кішкентай кезімізден бері сіңілім екеуімізді намазға, хиджаб киюге, ораза ұстауға үйретті. Бізді мәжбүрлеген жоқ, бірақ біздің отбасыда Құдайға қарсы шығу күнә болып есептеледі.

Бірінші сыныптан бері намаз оқитынмын. Бұл шешімді саналы түрде қабылдауым екі талай, кіштентай бала шешім қабылдай алмайды, себебі ол тек бір ақиқаты көреді. Үшінші сыныптан бастап ораза ұстай бастадым - бұл менің шешімім болатын, бірақ орамал тақпайтынмын. Ал алтыншы сыныпта етеккірім келе бастағанда, орамал таға бастадым.

Сыныптастарым менің хиджабымды бірінші рет бірінші қықкүйек күні көрді. Менен басқа тағы екі ингуш қызы хиджаб киетін және бұл маған деген бір қолдау болды. Адамдар бізге бір түрлі қарайтын, себебі біздің соншалықты діндар екендігімізді білмейтін. Дәл сол күні бізді мектеп директоры шақырды. Бізді хиджабымызды шешуге мәжбүрледі, тіпті бірнеше рет. Бұл бізге көрсетілген психологиялық  қысым болатын. Басты аргументтерінің мектепте орамал тағуға болмайды деген ережесі болды. Мұның барлығы мені қорлайтын және қорқытатын. Мен бұның әділетсіздік екендігін түсіндім. Себебі мен басқа адамдардан айырмашылығым жоқ қой. Ата-анамыз мұндай жағдайларда бізге Конституцияны қолдануымға кеңес берді: Ата Заң бойынша әр адам өзі қалаған дінді ұстана алады. Бір күні мектеп мұғалімім сабақтан кейін алып қалып, «Осының бәрі саған неге керек?» деп сұрады. Мен бұл сұраққа жауап бере алмай, кетіп қалдым. Баланы бұндай жағдайға қалдырмау керек, себебі ол өз отбасының қағидалары бойынша өмір сүреді.

Менің сыныптастарым менің орамалыма байланысты ештеңе айтқан жоқ, бұрын қалай аралассақ, солай араласа бердік. Тек менімен үнемі жарысатын бала бір күні мені тақырбас деп атап, тіпті орамалымды шешіп ала жаздады. Оның себебі тек ұдайы жарысқандығымыздан емес еді. Оның отбасы да өте дінге берілген жанұя болатын, бірақ оның ұстанымдары басқаша еді. Менің ойымша, оның дінге қарсылығын менен өш алу арқылы жеткізгісі келді.

Отбасымның барлық мүшелері күніне бес рет намаз оқитын, жүйелі түрде арабша Құран мен оның түсіндірмесін оқитын. Біз айттан басқа ешқандай мейрам тойламайтынбыз. Соңғы рет туған күнімді екінші сыныпта атап өттім. Бізге музыка тыңдауға тыйым салынды, тек нашид ғана, яғни Аллахты ұлықтайтын әндердерге рұқсат етілетін; шалбар кие алмайтынбыз, сондықтан да дене тәрбиесі сабағына бармайтынбыз; көздері ашық адамдардың суретін салуға болмайтын, анамның айтуы бойынша, олардың бейнесі мені о дүниеде мазалайды екен.

Менің ата-анам кейбір аспектілерде қатал болатын, ал кейбіреуінде керісінше. Біздің өзіміздің компьютерлеріміз болатын, онда кино қарай алатын едік, ал 11 сыныпта шашымды көк түске бояп тастадым. Әрине, боялған шашымды отбасымнан басқа ешкім көрген жоқ.


11 сыныпта шашымды көк түске бояп тастадым. Әрине, боялған шашымды отбасымнан басқа ешкім көрген жоқ

Хиджаб тастау шешімі жайында

11 сыныпта басқаша ойлана бастадым. Феминизм туралы, әйел мен еркек тең бола алатынын білдім. Менің дінге деген  бірнеше сұрағым болды, алайда мен не толық жауап алмадым, не оның барлығы Аллахтың парасаттылғымен түсіндірілді, яғни отырып, бұл тақырыпта ой жүгірту мүмкін емес еді. Мысалы, хадисте былай жазылған: Пайғамбар әйелдерге олардың көбісі тозаққа баратынын айтқан. Мұның барлығы олардың күнәһар деп түсіндіріледі, себебі әйел етеккір кезінде намаз оқуға тыйым салынған, яғни олар бірнеше күн намаз оқи алмайды, сол үшін де сауап алмайды, ал еркектерде мұндай жоқ. Демек әйелге қатысты барлық нәрселер алдын ала шешіліп қойған.

Әйелдер өз ұлдарымен мұраны тең бөле алмайды, екі әйелдің куәлігіне бір еркектің куәлігі тең. Еркектер басқа дін ұстанатын қыздарға немесе бірнеше әйелге үйленесе алады, ал әйелдерге болмайды. Мен әйелдер еркектерге қарағанда ақымақ келеді дегенге сенетінмін, бірақ осының бәрі әділетсіз деп ойладым және хиджабты тастағым келді.

Анама дінге сенбейтінімді жеткізгенімде, үйде үлкен жанжал шықты. «Ұят», «интернетті өшіріп тастаймыз, телефоныңды тартып аламыз» деді. Гаджеттерімді, шынымен де, тартып алды да, нағыз мұсылман қыздың кестесін берді, мен екі апта бойы келесі тексеріске дейін сол бойынша  өмір сүрдім.

Исламда «иман» деген түсінік бар: адамдар әлсіреуі немесе керісінше жігерленуі мүмкін деп ойлайды. Анам менің иманым әлсіреді деп ойлады, бірақ менің діннен бас тартатынымды білген кезде үйдегілерге айтпауымды өтінді. Олар үшін масқара болатын: әкем қаладағы мұсылман қауымдастығының қадірілі өкілі еді.

Қаржы жағынан тәуелсіз болғанға дейін басымдағы шиеленіспен өмір сүруге тура келді. Мектеп, университет бітірген кезде өзімді жалған сезінді. Тек кешкі уақытта жағада шашымды жіберіп қойып жүгіргенде ғана еркін сезіне алдым.

Бір жыл бұрын Астанаға көшіп барғанымда, орамалдан толықтай бас тарттым. Анам қатты ренжіді, бірақ соңында ата-анам мені түсінді. Әкем әлі күнге дейін мені дінге қайта оралады деп ойлайды. Менің ойымша, олар  менің мінсіз қыз болғанымды қалайды.


Тек кешкі уақытта жағада шашымды жіберіп қойып жүгіргенде ғана еркін сезіне алдым

Хиджаб жайлы

Кейбіреуі үшін хиджаб қысым көрсетушіліктің белгісі. Ал кейбір әйелдер үшін теңдіктің бір нышаны, сексуализацияға қарсы шығу. Бәлкім, бұл әйелдер ислам дінін өз еріктерімен қабылдап, хиджаб кие бастады. Мысалы, менің сіңілім олардың қатарына кіреді деп айта аламын: хиджаб киеді және өзін феминист санайды. Біздің көзқарасымыз бірдей десек те болады, бірақ хиджаб пен исламға қатысты пікірлеріміз сәйкес келмейді.

Бір фраза бар. «Әйел - кәмпит, оны шыбындар үймелемесі үшін жабық ұстауымыз керек» немесе «Әйел - жақтаушалануы керек қымбат металл». Мен бұндай түсініктерді түсінбейім. Исламда осылайша хиджаб киген және кимеген деп бөлетіндері ұнамайды. Әр әйел хиджаб кисе де, кимесе де, құрметке лайықты.

Мен қыздарды хиджаб киюге көндіретін бір тиімді жол бар деп ойламаймын. Қашан бой жетіп, шешім қабылдай алатын жасқа жеткенде ғана адам өз таңдайын жасайды. Осының барлығы араб елдеріндегі қыздарға немесе өте діндар отбасылардағы балаларға қиын   келеді.

Мен мектепте хиджаб киюге салынған тыйымды қолдамаймын, себебі бұл тыйым тек балаларға ғана тарайды. Егер де бұл олардың таңдауы болмаса ше? Тыйым олардың психологиясына әсер етеді. Менің кезімде осы тыйым заң жүзінде болсайды, мен шыдамас едім. Мен тіпті балалардың ата-аналары дұрыс деп шешкен нәрселерге қалай тыйым салатынын түсінбейтінмін.

Хиджабтан кейінгі өмір мен дінмен қарым-қатынасы жайлы

Мен қазір өзімді агностик деп санаймын. Менің ойымша, Құдай мен о дүниеге қатысты жалпы бір ақиқат жоқ деп ойлаймын. Мен, әрине, діннің адамдар қатынастарына, рухани тәрбиесіне, мәдениетіне қосқан үлесін жоққа шығармаймын, менің діндар адамдарға деген бір қарсылығым жоқ. Әрбір адамның өз таңдау құқығы бар деп есептеймін.

Мен қазір жұбайыммен тұрамын. Ол да өте діндар, православие отбасында өсті, бірақ өзін діндар адам деп есептемейді. Біздің дін мен өмірге деген көзқарастарымыз сәйкес келді, менің ойымша, бұл өте маңызды. Ата-анам болашақ жұбайымды жақсы танымағандықтан, басында оған  қарсы болды. Мен олар үшін олардың айтқандарын жасауға дайын болатынмын, сондықтан да біз мұсылманша неке қидық.

Хиджабты тастағаннан кейін, 14 жылдан кейін бірінші туған күнімді тойладым, ал қазір күйеуіміз екеуміз барлық мейрамдарды тойлаймыз.

фотосуреттер: мұқаба 2, 3, 4 - кейіпкерлері ұсынған. 1 - spiegel.de, 5 - shukrclothing.com.