Абай облысында болған өртте 15 адам қаза тапты, ал тәуелсіз Қазақстанда бүгінге дейін он екі аза тұту өтті. Ұлттық аза тұту күні жарияланған апаттардан басқа, билік тарапынан дейін де, кейін де жеткілікті назар аударылмаған көптеген қайғылы оқиғалар болды.

Біз сол оқиғаларды еске түсіріп, саясаттанушы Досым Сәтбаевпен Абай облысындағы өрт туралы ғана емес, осы қайғылы оқиғаға жол берген жүйе туралы сөйлестік.

Автор Александра Аканаева

Досым Сәтбаевпен сұхбат

Өрт неліктен болды?

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылында орталық немесе өңірлік деңгейдегі мемлекеттік құрылым дағдарыс жағдайына тез, тиімді және сапалы ден қойған бірде-бір прецедент болған емес. Бұл мәселе тек өртке қатысты емес, жалпы алғанда, ондаған жылдар бойы бастан өткерген барлық дағдарыстық жағдайларға қатысты. ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙДА ШЕНЕУНІКТЕР НЕМЕСЕ БИЛІК ӨКІЛДЕРІ ДЕРЛІКТІ ТҮРДЕ ӘРЕКЕТ ЕТКЕН БІРДЕ-БІР ЖАҒДАЙ БОЛҒАН ЖОҚ. Бұл бөгеттің жарылуы, су тасқыны, сел болса да. Қазір Астанадағы су тапшылығын билік халық санының өсуімен байланыстырып отыр. Қызығы, егер жаңа елорда салынып жатса, халық саны автоматты түрде өсетінін түсіну қиын емес, ол үшін Нострадамус болудың қажеті жоқ.

Қайтыс болған адамдар тірі қалулары мүмкін еді

Неліктен бұлай болды? Менің ойымша, бұл басынан бастап жұмыс істеп тұрған мемлекеттік жүйеліктің, әсіресе, дағдарыс жағдайында тиімді жұмыс істемеуі және конфигурацияланбауы. Міне, осы мемлекеттік аппараттың ТЖ кезінде анықталатын бірнеше аурулары бар. Бұл сол баяғы сыбайлас жемқорлық пен немқұрайлылық. Егер мерт болған адамдарда арнайы құралдар, арнайы техника, сапалы жолдар болса, көмек ертерек келіп, жағдайды алдын ала болжауға болатын еді — сол кезде олар тірі болар ме еді.

Дүние жүзінде өрт себептерінің бірі — жаһандық жылыну. Қазақстанда температураның өсуі нәтижесінде олардың саны жылдан жылға арта беруі әбден мүмкін. Бұл да бәріне айқын ғой. Су тапшылығы туралы экологтар 15-20 жыл бұрын ескертіп келеді. Ал қазір не? Қазір шенеуніктер су тапшылығын болжай алмадық деп қолдарын сілтейді.

Жалған ақпарат және қысқа жад туралы

Әлемдік тәжірибеде дағдарыстық жағдайда адамдарға қайда барып бармау керектігін ескертетін ғарыштық спутник пен дрон және т.б. пайдалану мүмкіндігі бар. Ал қайтыс болған адамдар ол жағдайдың ауқымы туралы білмегендері. Дәл осы мәселеден алып қарасақ, бізде мониторинг пен талдау деңгейі өте әлсіз. Тіпті, бұрынғы министр Ильин басында оған жалған ақпарат берілгенін айтқан. Мұның бәрі біздің дағдарысқа қарсы жүйеміздің әлсіз және дайын еместігін көрсетеді, өйткені біздің шенеуніктер жағдайды ешқашан алдын ала ойламаған. Олардың жоспарлау көкжиегі әрқашанда өте кішкентай.

Біздің жауымыз саналатын сыбайлас жемқорлық пен немқұрайлылықтан басқа, мемлекеттік аппараттың тағы бір жанды жері бар — бұл миопия, яғни уақытша синдром. Кез-келген шенеунік немесе әкім, алдағы бес-он жылда не болатынын, қандай қауіптер бар екенін ойламайды. Оларды осы бүгінгі жағдай ғана қызықтырады — қазір бәрі бақылауға алынды және ақша игеріліп жатқандығы туралы керемет есептер жазылып жатыр. Олар қалай игеріліп жатыр? Олар дұрыс жұмсалып жатыр ма? Есеп комитеті көрсеткендей, бізде осы бағыттар бойынша қателер көп: ақша бөлінсе де, олар игерілмейді немесе тиімсіз жұмсалады.

Ешкім қорытынды жасаған жоқ. Ешкім. ҚЫСҚА ЖАДЫ

Тағы бір мәселе — қысқа жады. Еліміздің әртүрлі өңірлері дағдарыстық жағдайларға тап болды: оқ-дәрі қоймасының жарылуы, Алматыдағы сел жиындары, пандемия және тағысын тағылар, алайда, осы дағдарыстардың барлығы біздің әлсіз тұстарымызды анық көрсетті. Ешкім де қорытынды жасаған жоқ. Ешкім. Қысқа жады. Өйткені жоғарыда бүгін бір адам, ертең басқасы және бәрі қайта-қайта жаңа парақтан бастала беретіндей. Тіпті, осы трагедиядан кейін де ешкім қорытынды не сабақ алмауы әбден мүмкін.

Біз не істей аламыз?

Азаматтық қоғам мен БАҚ мәселеге әсер ете алады және мұны пайдалану керек. Бұл тақырыпты үнемі көтеріп, саяси реформаларсыз, күшті оппозиция мен бұқаралық ақпарат құралдарынсыз, еріктілер ұйымдары мен азаматтық қоғамның белсенділігінсіз бұл мемлекеттік аппарат қара жәшік болып қала беретінін жиі айтуымыз керек. Әйтеуір бөлініп жатқан ақша бар, атқарылып жатыр деген жұмыс бар, бірақ дағдарыстық жағдай туындаған кезде оның ешқайсысы жұмыс істемейтіні белгілі болады. Сондықтан мемлекеттік құрылымдардың қызметін халық бақылауға ұстауынан басқа амал жоқ. Бұл қоғамдық бақылау болуы керек.

Дұрысы, мұнымен депутаттар айналысуы қажет, бірақ қазіргі авторитарлық жүйеде олардың белсенділігі де бақылауда болу керек шамамен. Сол себепті азаматтық қоғамның қазір маңызды миссиясы — басты бақылаушы болу. Біз бюджеттердің ашық жүргізуілін талап етуіміз керек, осылайша біз қанша ақша бөлінетінін және қандай қажеттіліктерге, қалай жұмсалатынына хабардар боламыз.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМДАРДАН ӨЗ ФУНКЦИЯЛАРЫН ТИІМДІ ОРЫНДАЛУЫН ТАЛАП ЕТУ ҚАЖЕТ.

Тәжірибе көрсеткендей, жүйедегі басты адам — шенеунік, ал қалғандары — екінші орында болуы мемлекеттік аппараттың айналасындағы жүйе қабілетсіз және әлсіз екенін көрсетеді. Сондықтан маңыздысы — шенеуніктерге бақылау қатаңдалу үшін ашық, тиімді, демократиялық жүйеге қол жеткізу.

Егер бақылаушылар болмаса, онда біз дағдарысқа постфактум тап боламыз. Мысалы, бір жағдай орын алса, қажетті заттар жоқ екені анықталады, техника жұмыс істемейді және т. б., содан кейін ғана біз: «Неге былай болмады?» деп ойланамыз. Егер бастапқыда салық төлеушілердің ақшасы қайда жұмсалатыны туралы ашық процестен хабардар болсақ, онда алдын ала осы жерде бір мәселелер басталуы мүмкін деп біліп отырар едік.

Президенттің реакциясы туралы

Тоқаевтың бұл жағдайға реакциясы стандартты болды. Ол кінәлі адамды тауып, министрді отставкаға жіберді, қазір қылмыстық істер, тексерулер және т.б. бастау керек деген мәлімдеме жасады. Мұнда ең маңызды сұрақ — кейін не болмақ? БІРНЕШЕ ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ, МҮМКІН БІРЕУІ ТҮРМЕГЕ ОТЫРАДЫ, БІРАҚ СОДАН КЕЙІНГІ ЖАҒДАЙ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ? Мемлекеттік басқару жүйесінің өзі дағдарысқа қарсы жұмысын өзгерте ме? Немесе тағы да саботаж, көзбояушылық басталады ма?

Мәселе мынада, президент айсбергтің шыңы ғана. Олигархтар мен бюрократиялық аппарат — қазақстандық биліктің екі негізгі ойыншылары. Президент екеуінің де кепілгеріне айналуы мүмкін. Себебі, егер мемлекеттік аппарат ақпаратты бұрмаласа, онда Президенттің де фейк ақпарат алатыны түсінікті.

Менің ойымша, Президенттің қазір маңызды міндеті — осы жағдайлардың бәрінен өзін анық көруі керек. Ол қазір кінәлі адамды тапты, бірақ ертең мұндай дағдарыстардың саны көбейген кезде, бәрі одан сұрайтын болады. Ол бас қолбасшы. Президент бұл өртті жүйенің әлдеқашан дұрыс емес екендігінің қосымша дәлелі, көрсеткіші ретінде қарастыруы керек. Жүйе реформаларды қажет етеді.

Барлығы жауапкершіліктен, жаман атанудан қорқады

Паретто қағидасы бойынша Қазақстанда шенеуніктердің тек 20%-ы ғана пайдалы жұмыс істейді, ал қалған 80%-ы — қағаздарды жай ауыстырып, толтырумен айналысады. Осындай бюрократиялық әрі күрделі жүйемен тез шешім қабылдау және жедел ақпарат алу қиын. Барлығы жауапкершіліктен, жаман атанудан қорқады. Бұл жағдайда жоғарыдағы басшы іс жүзінде не болып жатқандығы туралы ешқашан біле алмайды.

Еріктілердің қатысуы туралы

Еріктілердің дағдарыстық оқиғаларға қатысуы әлемдік тәжірибе. Алматыда қандай да бір шектен шығу не дағдарыстық жағдайлар орын алған кезде біз де еріктілер қозғалысына қатыстық. Бірақ мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі бар екенін түсуініміз керек, олар жұмысы үшін аз жалақы алып отқан жоқ. ЕРІКТІЛЕР МЕН АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІ КӨМЕКТЕСЕУІ — ӘРҚАШАН БОЛАТЫН ӨТЕ ЖАҚСЫ НӘРСЕ. Өйткені бұл арқылы адамдар бірлікке, дағдарысқа қарсы тәсілдер мен коммуникацияларға үйренеді. Бірақ, кез-келген жағдайда, басты жауапкершілікті билік өкілдері өз мойнына алады. Еріктілер қазіргі күнмен жұмыс істейді — кенет жағдай туындаса, көмектеседі, ал мемлекеттік құрылымдардың міндеті — дағдарысты алдын алу. Олардың негізгі жұмысы — дағдарыстық жағдайға, адамдардың қайтыс болуына жол бермеу. Егер ондай жағдай орын алса, демек олар өз жұмысын нашар атқарды.

Қазақстандағы аза тұту туралы

Тәуелсіздік жылдарынан бері Қазақстанда он екі рет аза тұту жарияланады. 2023 жылғы 12 маусым — Тоқаевтың билігі кезінде жарияланған бесінші аза.

2019 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын аза тұту жарияланып келеді. Тоқаевтың тұсындағы алғашқы аза тұту 2019 жылдың 28 желтоқсанында Bek Air ұшағының ұшуы кезінде болған апаттан кейін жарияланды, онда 12 адам қаза тауып, 49 адам жараланды. Келесі аза тұту 2020 жылдың 13 шілдесінде коронавирустық инфекцияның құрбандарына жарияланды: биліктің мәліметінше, сол кезде инфекциядан 375 адам қайтыс болды. Одан кейін 2021 жылғы 29 тамызда Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасы жарылып, 14 адам қаза тапқан кезде аза тұту болды. Ал 2022 жылдың 10 қаңтарында 238 адам қаза тапқан қаңтар оқиғасының құрбандары үшін аза тұту рәсімі өтті.

Назарбаевтың тұсында елдегі аза тұту 10 жылда тек 7 рет жарияланды. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы аза тұту 2006 жылғы 20 қыркүйекте Қарағанды облысындағы Ленин атындағы шахтада метан жарылғаннан кейін 41 кенші өртте қаза тапқан кезде болды. 2008 жылдың 11 қаңтарында Қарағанды облысындағы Абай көмір шахтасындағы жарылыс салдарынан 30 шахтер қаза тапты. 2010 жылдың 11 наурызында Қызылағашта бөгет бұзылып, 45 адам қаза тапты, оның 11 — і балалар. 2012 жылы елде аза тұту екі рет жарияланды. 2012 жылғы 5 маусымда — «Арқанкерген» шекара бекетінде қаза тапқан адам саны 15-ке жетті. 2012 жылғы 25 желтоқсанда — Шымкент маңындағы Ан-72 ұшағының бортында қаза тапқандар бойынша 20 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі қаза тапты. Келесі 2013 жылдың 31 қаңтарында Chellenger-200 ұшағының апатынан 21 адам қаза тапты. 2016 жылы 9 маусым — Ақтөбедегі қару-жарақ дүкендерінде террорлық шабуыл кезінде қаза тапқандар үшін аза тұту болды, олардың саны жетіге жетті.

Аза тұту болмаған трагедиялар

Айта кету керек, елімізде қайғылы оқиғалар Тоқаевтың Президенттігіне дейін де, кезінде де болған. Елде аза тұту жарияланған қайғылы оқиғалардан басқа, көптеген төтенше жағдайлар, террорлық шабуылдар, табиғи апаттар, митингілерде азаматтарды ату болды — осы оқиғалар кезінде адамдар қаза тауып, зардап шекті. UNICEF мәліметтері бойынша, Қазақстанда жыл сайын 3-5 мың адам зардап шеккен, оншақты адам қайтыс болған 3-4 мыңдай төтенше жағдай болады. Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының (ОАӨЭО) 2022 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстандағы дүлей зілзалалардан орташа жылдық шығын 419 миллион АҚШ долларына бағаланады.

2011 жылғы желтоқсанда Жаңаөзендегі мұнайшылардың наразылықтары қарусыз тұрғындарға полицияның атысымен аяқталды. Нәтижесінде 16 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланып, қамауға алынды. Полицияның тәртіпсіздіктерді басуы кезінде Шетпе ауылында тағы бір адам қаза тапты. Сол кезде экс-президент Назарбаев ТЖ режимі туралы Жарлыққа қол қойды, бірақ Жалпыұлттық аза тұтуды жарияламады.

2012 жылы Іле-Алатау ұлттық паркінде де қырғын болды. Белгісіз адамдардың қолынан 12 адам қаза тапты. Алты жәбірленуші көптеген пышақ жарақаттарынан қайтыс болды. Бес адамның денесі бірінші оқиға орнынан 25 шақырым жерде орналасқан ұлттық парк орманшысы Алексей Шкилевтің өртенген үйінен табылды. Соңғы, он екінші құрбан кейінірек табылды. Алатау трагедиясының құрбандарын еске алу үшін аза тұту жарияланған жоқ.

2015 жылы Алматыда сел тасқыны салдарынан ондаған үй зақымданды. Үй-жайсыз 900 адам қалды. ТЖД мәліметтері бойынша, сол қорқынышты түнде алматылықтар сел туралы SMS хабарлама алған жоқ. Республикалық деңгейдегі төтенше жағдайдан кейін де аза тұту болған жоқ.

Соңында, Арыс қаласындағы қайғылы оқиғаны еске түсірген жөн. 2019 жылдың маусым айында Арыс елді мекенінің жанында орналасқан Қазақстан Қарулы Күштерінің арсеналдарының бірінде өрт шықты. Содан кейін әскери оқ-дәрілердің бөліктері жарыла бастады. Қала тұрғындары бірнеше күн бойы Шымкентке эвакуацияланды. ТЖ салдарынан үш адам — екі әскери қызметші және жергілікті тұрғын қаза тапты. Жарылыстардан төрт ай өткен соң, оқ-дәрілерді жою жұмыстары кезінде сапер қаза тапты. Ол кезде президент Тоқаев Ұлттық аза тұтуды жарияламады.

Тоқаевтың билікке келуімен аза тұту күндері көбейіп, Президенттің әлдеқайда белсенді сыртқы реакциясы туралы айтсақ та, қайғылы оқиғаларға қарсы әрекет етудің және алдын алудың нақты тәсілі өзгерген жоқ — Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үкіметі әлі де адамдар қазасына алып келетін жағдайларға жол береді.


Обложка: Президенттің Баспасөз қызметі