QazaqshaБақыт соқпағы бойымен: Кім және не үшін Іле Алатаудағы жолдарды абаттандырып жатыр?
Алматы іргесіндегі тауда «Тропы счастья» жобасын таныстыру туры өткізілді. Кішігірім саяхаттың қалай өткенін осы репортажда айтып береміз
29 мамырда BI Group инвестиция және құрылыс холдингі «Тропы счастья» атты 200 шақырым тау соқпағын абаттандыру жобасын жария етті. Соның аясында қазір Іле Алатауда танымал тау жолдары қарқынды абаттандырылып жатыр. Холдинг жұмыстың бірінші кезеңін қазанның соңына дейін бітірмекші.
Соған байланысты The Village Қазақстан мен BI Group Алматы экобелсенділері мен блогерлеріне Іле Алатауда «Тропы счастья» жобасына арналған экотур өткізді. Турға қатысушылар Көкжайлау шатқалында тойымды түскі ас пен ыстық сусынмен әлденіп, керемет экскурсия жасады: белсенділер мен блогерлер бір-бірімен танысып, пікірталасты, сарқырамаға барды. Кішігірім саяхатқа қонақ ретінде спорт белсенділері мен блогерлер Сусанна Григорьян, Арай Болат, Наргиз Куссан, Айсана Ашим, Денис Лукянчук, Әсет Даниял, Вадим Винокуров және басқалары шақырылды.
«Тропы счастья» — Бутаковка шатқалы, «Шымбұлақ», «Медеу», «Ақ Бұлақ» және «Алма-Арасанға» апаратын 200 шақырым тау жолын абаттандыру жобасы
«Тропы счастья» — Бутаковка шатқалы, «Шымбұлақ», «Медеу», «Ақ Бұлақ» және «Алма-Арасанға» апаратын 200 шақырым тау жолын абаттандыру жобасы
Құрылысқа тау шыңына дайындықсыз шыққан адамдардың жиі жарақат алуы себеп болған: ол жолдарда баспалдақ, метал көпірлер мен басқа да қорғаныс құрылымы жоқ. «Тропы счастья» жобасы аясында онда енді күркелер, ал қауіпті жолдарда металл көпірлер салынады. Сонымен бірге бағыт-бағдар беріп отыратын белгілер мен ақпарат тақталары орнатылып, бивактарға арналған жер пайда болады. Ал Алматыда Есентай мен Терренкур өзендерінің жағасындағы спорт қалашығы жөнделіп, аумағы абанттандырылады.
Айдын Рақымбаев
BI Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы
Компаниямызға 25 жыл толуына орай сүйікті Алматымызға «Тропы счастья» жобасын сыйламаймыз деп шештік. Жоба бюджеті бір миллион доллар болады. Жолдарды кезең-кезеңімен абаттандырмақпыз: жұмыстың бір бөлігі биыл, қалғаны келесі жылдары бітеді. Қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, индустриялық инфрақұрылымды қажет етпейтін экотуризм адамдарға жаңа жұмыс орындарын беріп, өңір эконикасына жақсы табыс әкеле алады. Бұған басқа елдердің тәжірибесі дәлел.
Сусанна Григорьян
eco-beauty блогер
Ақпараттық тур күткенімнен қызығырақ өтті: біз BI Group жобасының артықшылығын айтып, басқа елдердің тәжірибесімен салыстырдық. Мен холдингтің тау жолдарын көріктендіру идеясын толықтай қолдаймын. Алдағы уақытта бұл жоба одан да керемет болатына сенімдімін. Сонымен бірге қала тұрғындарына өзіміздің тауымызда демалуға кеңес беремін. Себебі табиғатта да жайлы демалуға болады. Ол үшін алысқа барудың қажеті жоқ.
Арай Болат
блогер
Турдың арқасында көп қызық нәрсе білдім. Енді тауға жиі шығып тұрамын. «Тропы счастья» жобасы — керемет дүние. Қала мен тауымызды көріктендіретін жобалар саны одан да артады деген үміттемін. Тауға жақын тұратын адамдарға айтарым — тауға жиі шығыңыздар, қоршаған ортаны аялап, Қазақстан табиғатын қорғауға арналған барлық бастаманы қолдаңыздар. Осындай жобалар арқасында Алматы тауларындағы жолдар қауіпсіздігі артады. Осының бәрі еліміздің ішкі туризмін дамытуға септігін тигізер деп үміттенемін.
Ксения Панкратова
блогер, жаттықтырушы
BI Group командасы жолдарды керемет абаттандырған. Орнатылған соқпақтар, белгілер, орындықтар — бұлардың бәрі туристердің тауға ағылуына жағдай жасайды. Тау — Алматының басты көркі ғой. Ең бастысы — жоба аясында салынған барлық құрылыс қорғашан ортаның кейпін бұзбайды, керісінше өте жарасып тұр. Оқырмандарға жалғыз кеңесім — табиғатты қорғаңыздар: қоқыс тастамаңыз, ештеңе сындырмаңыз. Қоршаған ортамыз таза әрі әдемі боп, өз энергиясымен баршамызға күш бере берсін.
Денис Лукьянчук
«Anytravel» компаниясының негізін қалаушы
Басында «Тропы счастья» бастамасына қатысты күмәнім болған. Себебі оның қалай іске асатынын, бастысы Көкжайлауда (Іле Алатаудың ең танымал жері ғой) нақты не салынатынын түсінбеген едім. Бірақ өз көзіммен көрген соң BI Group жақсы жоба жасағанын ұқтым. Керемет соқпақтар, орындықтар, күркелер мен белгілер — мұның бәрі Көкжайлауға алғаш келгендерге жағдай жасайды. «Тропы счастья» құрылысын ең танымал деген тау жолдарында жалғастыру қажет. Соның арқасында адамдар аз жарақаттанып, тауға барам, денсаулығымды жақсартам дегендер саны артады. «Тропы счастья» тауға бірінші рет келгендерге жаңа нәрсе болмақ.
Вадим Винокуров
экобелсенді
Мен экобелсенділер басқаратын сарапшылар тобында жұмыс істеймін. Бізде адамдар адаспауы үшін соқпақтарды белгілейтін мамандар да бар. Бәріміз «Тропы счастья» «мынандай болуы керек» деп өз пікірімізді айтқан едік. Жобаның іске асырылуы маған ұнайды, құрылысшылар біздің барлық кеңесіміз мен ескертуімізге құлақ асқан.
Мен құрылыстың одан әрі дамуына көмектесуге дайынмын, себебі оның адамзатқа берер пайдасы мол. «Тропы счастья» жобасы аясында басқа да жолдар жоғары деңгейде абаттандырылады деген үміттемін.
Андрей Пучинин
альпинизм инструкторы, тау гиді
Жоба негізін қалаушы — Айдын Рақымбаев. Ол мені «Тропы счастья» командасына он жыл бұрын Африкаға, Климанджароға барғанымызда шақырған еді. Рақымбаев сол кезде басқа елдердегі ұлттық парктердің қалай салынғанына қызығып жүрген. Сонда Іле Алатаудағы туристік соқпақтарды да көріктендіру керек деген ой туды.
Біз жаңа ғана жүріп өткен соқпақ — жобаның басы ғана. Қазір біз тек барлық нюансты есеріп, зерттеп жатырмыз: адамдарға қай объект ұнайтынын, қайсын өзгерту қажет екенін түсінуіміз керек. Алдағы уақытта ұлттық туризм дамуына септігімізді тигізіп, тау жолдары қауіпсіздігін арттыра береміз.
Айсана Ашим
журналист, The Village Қазақстанның бас директоры
Турдан үлкен әсер алдым. Керемет қыдырып, өте қызық адамдармен таныстық, таза ауа жұтып, уақытты тамаша өткіздік.
Айтпақшы, қызық факт — осы соқпақты салғанда өртеуге келмейтін не қиын өртелетін материалдар қолданылған, яғни оларды сындырып, жұлып алу қиынға соғады. Бұрын да адамдар бұл соқпақты көріктендірген екен, бірақ олардың ағаш тақталарын туристер өртеп, бүлдірген екен. Енді осы бақыт соқпағы ондаған жыл бойы өз орнында тұрады деген үміттемін.
The Village Қазақстан командасы да жобаны жасаушыларға алғыс айтады. Біз «Бақыт соқпағы» ішкі туризмді дамытатын экологиялық, қауіпсіз, халықаралық дәрежедегі инфрақұралым жасауда үлкен қадам болатына сенімдіміз. Осыған орай барша оқырманымыз бен тау сүйер қауымды жобаның алға басуы мен оның талқылануына үлес қосуға үндейміз.
Фото: Георгий Чумаков
BI Group — ірі құрылыс холдингі, Қазақстан жылжымайтын мүлік нарығының көшбасшысы. Холдинг 1995 жылдан бері жұмыс істейді және осы уақытқа дейін құрылыс саласындағы көшбасшы мен сенімді серіктес деген атаққа ие болып үлгерді.
Комментарии
Подписаться