Үкімет отырысында Премьер-министр «Цифрлық білім» атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыруды тапсырды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.

Ауқымды жоба Қазақстанда цифрлық дағдыларды оқыту, халықтың сауатын арттыру мен ІТ мамандар даярлауға арналған. Жоба аясында жыл сайын 400 мыңнан астам адамды оқыту жоспарланып отыр.

«IT мамандарды даярлап қана қоймай, жұмыс істеп жүрген адамдардың дағдыларын цифрландыруға бейімдеу әрі олардың цифрлық сауатын арттыру да маңызды. Қазақстандықтардың барлығы цифрлық алаңдарда жұмыс істеп, электрон қызметтерді ала білуі қажет», деді Үкімет басшысы.

Оның сөзінше, 2025 жылға дейін халықтың цифрлық сауат деңгейін кемінде 87 %-ға жеткізіп, өңірлер үшін бірыңғай жұмыс алгоритмін әзірлеу керек.

Премьер-министр:

  • Білім министрлігі мен Цифрлық даму министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жаңа жобаның іске асуын қамтамасыз етуді;
  • цифрлық дағдыларды оқыту, IT кадрларды даярлау мен қайта даярлау бойынша бағдарламаларды әзірлеуді;
  • озық оқу орындарының IT мамандарды даярлау тәжірибесін өңірлік колледж бен университеттерге таратуды;
  • «Астана» халықаралық қаржы орталығының тәжірибесі мен ұсыныстарын ескеріп, жаңа кәсіптік стандарттарға сай білім беру бағдарламасын жаңартуды тапсырды.

Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз