Жасанды интеллекті бар Эрика атты робот  жаңа ғылыми-фантастикалық «b» фильмінде басты рольді сомдайды. Роботты Хироси Исигуро и Кохей Огава құрастырған. Осыған дейін кино әлемінде мұндай жаңалық болмаған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Фильм адамның толықтай жетілген ДНҚ молекуласын жасауға тырысқан ғалым туралы түсірілмек. Сюжет бойынша ғалым жұмысының пайдасынан гөрі зияны көп екенін түсінеді. Сондықтан өзі құрастырған Эрикаға зертханадан қашуға көмектеседі (фильм авторлары генетикалық экспериментке роботтың қандай қатысы бар екенін нақтылаған жоқ — Ред.).

«Рольді сомдағанда шынайы актерлар жеке өмір тәжірибесін қолдана алады. Ал Эрика нөлден бастап құрылды. Біз оны кейіпкер ретінде жетілдіру үшін барлық эмоциясы мен қимылын көзбе көз отырып модельделік», — дейді жобаның продюсері Сэма Хозе.

Фильмді кім түсіретіні белгісіз. Режиссер таңдалған жоқ. 

THR-дің хабарлауынша, фильм бюджеті  70 миллион доллар болады. Ал түсірілім Европада 2021 жылы басталады.


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз