Қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, Алматыда пациенттерді стационарға жатқызу және оларды емханаларға қабылдау тоқтатылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады

«Жоспарлы емдеуге жатқызу және БМСК ұйымдарының профилактика жұмыстары тоқтатылды. Шұғыл операциялар жүргізіледі, ол үшін ПТР-тест қажет емес»,  деп хабарлады басқармада.

Сондай-ақ жүкті әйелдерді бақылау және скрининг жұмыстары жалғасады.

Бұған дейін хабарланғандай, 23 маусымнан бастап астанада, ал бүгіннен бастап Ақмола және Алматы облыстарында ауруханаға жатқызу мен емханалардың жұмысы тоқтатылды.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз