Алматы облысының әкімі Амандық Баталов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Vласть хабарлады

«Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзін-өзі оқшаулады. Өкінішке қарай оның COVID-19 инфекциясына тапсырған соңғы ПЦР-тесті оң нәтиже көрсетті»,  деп жазды оның баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, әкім коронавирустың симтомсыз түрін жұқтырған, қазір Баталов үйден ем алып, қашықтан жұмыс істеп жатыр.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз