Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаев онлайн-брифингте 20-21 маусым күндері қалада серуендеуге арналған қай көше жабылатынын айтты. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.

Демалыс күндері (20-21 маусым) Алматыда Сайран көлінің айналасындағы жаяу жүргіншілерге арналған аймақта, барлық стадион, Есентай өзенінің жағалауында, Панфилов көшесі мен Арбатта серуендеуге рұқсат берілмейді.

Жұмыс күндері бұл нысандар мен саябақтар ашылады.

Бұған дейін демалыс күндері - 2020 жылғы 20-21 маусымда - Қазақстанның бірқатар өңірінде қосымша шектеу шаралары енгізілген болатын.

Енді Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында демалыс күндері, 20-21 маусымда СОО, сауда үйлері, желілік дүкендер, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс істемейді. Сондай-ақ, саябақтарға, сквер, жағалау, жағажайларға, аквапарк, фитнес орталықтарға баруға тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға далаға шығу шектеледі. Туристік аймақтардың есігі жабық болады.

Соңғы бірнеше апта ішінде Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин қайтадан күшейтілді. Елімізде коронавирус жұқтыру мен өлім жағдайлары көбейіп барады.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз