Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, 20 маусымнан бастап Қазақстан халықаралық рейстерді ашады. Әзірге алты елге қатынау жоспарланды. Бұл туралы Vласть хабарлады

«Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 11 маусымдағы шешіміне сәйкес, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңестерін негізге алып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) картасына сәйкес эпидемиологиялық жағдай деңгейін ескере отырып, 20 маусымнан бастап Түркияға, Қытайға, Оңтүстік Кореяға, Таиландқа, Грузия мен Жапонияға халықаралық рейстер кезең-кезеңімен жаңартылады», - делінген ААК хабарламасында.

Халықаралық бағыт бойынша орындалатын рейстер саны үкіметаралық келісімдер негізінде әрі әрбір ұшақтың коммерциялық жүктемесіне байланысты анықталады.

«Рейстер мен билеттерді сату әуекомпаниялардың сайттарында жарияланған кестеге сәйкес азаматтардың жоғарыда аталған елдермен мемлекеттік шекаралар арқылы өтуіне шектеулер алынып тасталуына және Қазақстан мен тиісті елдер белгілеген санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілген жағдайда, эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асырылады», - делінген хабарламада.


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз