Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Қазақстан сарбаздарының тамақтануы жайында айтты. Бұл туралы Tengrinews жазды.

«Тамақтану аутсорсингте. Біз мұнымен айналысатын кәсіби компаниялардан қызмет сатып аламыз. Осы арқылы әскер өзіне тән емес функциялардан босатылды, бүгінде олар бұрынғыдай асханаға нарядқа бармайды, ыдыс-аяқ жумайды, көкөністерді іріктемейді немесе күзде көкөністер мен жемістерді жинамайды. Қазір бұл іспен жеке компаниялар айналысады, сонымен бірге олардың шаруашылық орындары, қосалқы шаруалары мен дайындау қызметтері бар» деді Құрманбаев.

Оның айтуынша, мұндай компанияларға технологиялық мүмкіндіктер, кадрлық әлеует бойынша қатаң талап қойылады.

«Бүгінде біз Қарулы Күштердегі азық-түлік қоржынының құнын арттыру мәселесін қарастырып жатырмыз, себебі, білесіздер, азық-түлік қымбаттады. Жылына сарбаздарды тамақтандыруға 10 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсаймыз» деп түсіндірді ол.

Еске салайық, 2018 жылы Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко сарбаздарды тамақтандыруға үнемдемеуге шақырған болатын.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз