Араздықты қоздыратын пікір жазғаны үшін ЕҰУ профессоры жұмыстан шығарылды
Еуразия ұлттық университетінің қолданбалы химия ғылыми-зерттеу институтының директоры Ерлан Сүлеймен әлеуметтік желіде жазған сөздерінен кейін жұмыстан босатылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады.
Жас ғалымдар альянсының төрағасы Әсия Ермұхамбетова Ерлан Сүлейменмен хат алмасқан фотоны жариялағаннан кейін жанжал туды.
Оның айтуынша, Елан Сүлеймен Facebook-те сексистік, ұлтшыл және араздықты қоздыратын пікір айтқан. Ол «әйелдерді ұрып-соғуға болады әрі ұрып тұру да қажет» деп жазды.
ЕҰУ сайтында Ерлан Сүлейменнің химия ғылымдарының кандидаты, PhD, қолданбалы химия институтының жетекшісі екені көрсетілген. Кейін университет басшылығы оған қатысты тексеріс жүргізілетінін хабарлады.
«Әдеп жөніндегі комиссия оның іс-әрекетін жалпы адамзаттық мінез-құлық нормаларына сәйкес келмейді деп таныды. Осы комиссияның ұсынысы бойынша Ерлан Сүлеймен ректордың бұйрығымен қолданбалы химия ғылыми-зерттеу орталығы директоры қызметінен босатылды», – делінген университеттің ресми сайтында.
Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться