Атырауда газ құю бекетінде жарылыс болып, өрт шықты. Бұл туралы «Ақ Жайық» хабарлады.

Басылымның мәліметінше, газ таситын көлік өртенді. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметкерлері мен полицейлер жұмыс істеп жатыр. 

«Мой город» порталының хабарлауынша, сағат 07:58-де газ бекетінде өрт шыққаны жөнінде хабар келді. Ал 9:00-де жалын толықтай өшірілді. Бекетте болған жарылыс салдарынан зардап шеккен төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында полиция департаментінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз