Алматыда Шығыс айналма жолының бойында орналасқан құрылыс алаңында өрт шықты. Желіде куәгерлердің оқиға орнынан түсірген видеосы тарады. Қаланың төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қазір онда өрт толықтай сөндірілген. 

Оқиға орнына сағат 13:55-те 17 маман мен қажетті 4 бірлік өрт сөндіру техникасы жіберілген. Мамандардың болжамынша, енді салынып жатқан мектеп ғимаратында газ баллоны жарылып, шатыр өртенген. Жалынның көрші ғимаратқа таралуын өрт сөндірушілер тоқтатты. 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сағат 14:23-те өрт толықтай сөндірілді.


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз