Дүниежүзіндегі ең кәрі ер адам Роберт Уэйтон 112 жасында Ұлыбританияда қайтыс болды. Бұл туралы The Sun хабарлады. 

1908 жылы дүниеге келген Роберт Уэйтон Олтон қаласында (Хэмпшир графтығында) өкпенің қатерлі ісігінен көз жұмды.

Ол 1937 жылы үйленіп, екі ұл мен бір қызды тәрбиелеген. Роберттің артында 10 немересі мен 25 шөбересі қалған.

122 жыл жасаған қария инженер әрі мұғалім болып жұмыс істеген. Өмірінде 26 премьер-министр мен бес монархтың билігін көрген. Ол шошқа тұмауы, қызылша және көкжөтелмен ауырған. Испанка эпидемиясы мен екі дүниежүзілік соғысты бастан кешкен. 

  • Жапонияда Титэцу Ватанабэ 112 жасында өмірден өткен соң Роберт Уэйтон  Гиннестің қызыл кітабына ең ұзақ өмір сүріп жатқан ер адам ретінде енді. Ал әлемдегі ең кәрі әйел — Канэ Танака. Бүгінде ол 117 жаста.

Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз