124 жылдан бері өтіп жүрген Бостон марафоны биыл болмайды
Бостон марафонының ұйымдастырушылары коронавирус пандемиясының салдарынан биыл іс-шараны өткізбейтін болды. Бұл туралы РБК хабарлады. Бостон марафоны алғаш рет 1897 жылы ұйымдастырылды. Осыған дейін ол 124 жыл бойы үздіксіз өтіп жүрген.
Негізі бұл шара биыл 20 сәуірге жоспарланған, кейін оны 14 қыркүйекке ауыстырды.
«Қоғамның, қызметкерлердің, қатысушылардың, еріктілердің, көрермендер мен жанкүйерлердің денсаулығын сақтау біз үшін әлдеқайда маңызды», — деді Бостон марафонының атқарушы директоры Том Грилк.
Марафонға тіркелгендердің бәрі іс-шараның виртуал нұсқасына қатыса алады. Ал жүгіруге ниеттеніп, жарнасын төлегендердің ақшасы қайтарылады.
Біздің Telegram-каналға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться