Ғалымдар бақылаған көкек 16 елді ұшып өткен
Орнитологтар спутник арқылы Онон атты көкекті бақылап жүр. Замбияда қыстаған құс 12 мың шақырым ұшып, Моңғолияда ұя салған. Бұл туралы НОЖ онлайн-журналы хабарлады.
Көкек қыстағынан 20 наурызда ұшып шықты. Моңғолияға жеткенше ол Кения, Сауд Арабиясы мен Бангладеш сияқты 16 ел мен Үнді мұхитын ұшып өткен. Жолда кездескен қатты желден де аман қалған.
Ғалымдардың есептеуінше, бұл көкектің орташа ұшу жылдамдығы — сағатына 60 шақырым. Зерттеушілер бақылаған басқа да төрт құс Моңғолияға жеткен жоқ, жолда өліп қалуы мүмкін деген болжам бар.
Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз
Комментарии
Подписаться