«Википедия» биыл жылдың соңына дейін кейбір редактордың зиян жосықтарымен күрес мақсатында, нақтырақ айтқанда сексизм және гомофобиядан арылу үшін тәртіп сақтау кодексі мен ережелерін енгізеді. Бұл туралы ВВС хабарлады.

«Википедия»-ны еріктілер өзара әрекеттесе отырып, толтырады әрі үнемі мазмұнын өзгерте алады.  Бірақ кейбір автор, әсіресе әйелдер мен ЛГБТК қауымдастығының өкілдері өшпенділіктің ерекше түріне наразылық танытты.  Олардың сайтта жариялаған ақпарты шыққан бойда басқа редактор оны өшіріп тастайды екен. Жұмысты бірнеше қайтара істеу керек болады, ал үрдістің өзі бейне бір күрес сияқты болып көрінеді. 

«Әркім өзінің еңбегінің бағаланатынын сезетін инклюзив әрі қауіпсіз орта қалыптастыру үшін біз бірге жұмыс істеуіміз қажет», — деді «Викимедиа» қорының атқарушы директоры Кэтрин Махер.

«Википедия»-дағы гендерлік дисбалансқа бұған дейін де шағым түскен еді. Вашингтон университетінің зерттеуі көрсеткендей, әйелдер жазған мақалаларды редактор-еркектер пікірталасқа салып, теріс пікір қалдырады. Ал ЛГБТК өкілдері сайттағы жұмысы үшін бопсаланады


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз