Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл Қадыр түнін мешітте қарсы алуға шектеу қойылатынын мәлімдеді. Бұл туралы HolaNews хабарлады.

«...Биыл Қадыр түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келеді. Бұл түнді үйде қарсы алу керегін баса айтқым келеді. Мешіттеріміз күндіз таңғы сағат жетіден кешкі сағат сегізге дейін ашық болады. Жоғарыда атап өткенімдей, елімізде төтенше жағдай режимі аяқталса да жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ», - деді Бас мүфти ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз