42 500 теңге төлем берудің ережесі өзгерді. Бұйрыққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қол қойған. Бұл туралы HolaNews жазды. 

Енді төмендегі санатқа жататын қазақстандықтарға 42 500 теңге тағайындалмайды:

 БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға;

 өтініш берген күніне дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ БЖТ төлеушілерге;

 төтенше жағдай енгізілгенге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға;

 еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтан) жалғастырған не ақылы еңбек демалысы берілген, не болмаса, жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған жағдайда, кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты атқаратын адамдарға;

 егер бір мезгілде республикалық бюджеттен немесе қордан төленетін ай сайынғы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді алушылар болса, төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ-ны алғаш рет төлеген адамдарға;

 Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдарға;

 толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға тағайындалмайды.

Егер өтініш берушінің банк шоты болмаса, әлеуметтік төлем телефон операторы арқылы номеріне түсуі мүмкін. 

Ереженің жаңа нұсқасына сәйкес, акциялары мен жарғылық капиталындағы қатысу үлестері тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар, екінші деңгейлі банк пен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметкерлері 42 500 теңге алушылар санатына кірмейді.

Естеріңізге сала кетейік, 13 мамырға дейін 2,7 миллион адам 42 500 теңгені екінші рет алды. Жалпы, бұл әлеуметтік төлем 4,5 миллион қазақстандыққа тағайындалған.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз