Qatar Airways әуекомпаниясы әлемнің түкпір-түкпіріндегі медқызметкерлерге 100 мың әуебилетін таратып жатыр. Компанияның сайтында көрсетілгендей медицина қызметкерлері екі адамға барып-келуге билет ала алады. Пандемия кезінде жұмысын жалғасытырып, аурумен күрескен дәрігерлерге Qatar Airways осылайша алғыс білдіргісі келді. 

Компания шарттары бойынша дәрігер, медбике, фельдшер, лаборант, клиникалық зерттеуші мен фармацевт сияқты медицина қызметкерлеріне билеттер беріледі. Бір медқызметкерге екі эконом-класс билет пен Доха әуежайындағы Дьюти-фриге 35% жеңілдік қарастырылған. 

Тегін билетке промокод 12 мамырдан бастап үлестіріледі. Оны 28 қарашаға дейін іске қосуға болады. Акцияға қатысу үшін сайттағы өтінішті толтыру керек. Ал ұшар алдында әуежайда рейске тіркелерде медқызметкер куәлігін көрсету қажет. Бұл құжатта нақты қандай іспен айналысатыныңыз жазылуы керек делінген.

Акция промокод таусылғанша жалғасады. Ал промокод кезекпен үлестіріледі. Егер қандай да бір қатысушы күмән тудырса, ол тізімнен шығарылады.

Акция шарттары жөнінде толығырақ ақпаратты сайттан оқуға болады. 

  • промокод бойынша 26 мамыр мен 10 желтоқсанға дейін саяхаттауға болады;
  • билетті ұшуға кемінде 14 күн қалғанда алу керек;
  • тариф пен алымдарды әуекомпания төлейді, бірақ рейс салығын медқызметкер өзі көтереді;
  • бір промокод екі билет, яғни медқызметкер мен оның (12 жастан асқан) серіктесіне беріледі;
  • билеттерді басқа адамға беруге болмайды;
  • билеттерді қолдану шарттары ыңғайлы болады. Қайндай да бір қосымша төлемсіз билет бағыты мен уақытын ауыстыруға мүмкіндік беріледі. 

Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз