Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабымен Алматыға келді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

«Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылым нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады», — деді ол Facebook-парақшасында. 

Сондай-ақ баспасөз хатшысының мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз