TAV Airports Holding түрік компаниясының сайтында Алматы халықаралық әуежайының 100% акциясының сатып алынғаны хабарланған. Мәміле құны 415 миллион доллар болды. TAV Airports Holding президенті әуежай әлеуетін толықтай жүзеге асыру үшін жұмыс істейтінін мәлімдеді. 

 TAV Airports Holding президенті әрі бас директоры Сани Шенердің айтуынша, Алматы әуежайы холдинг қоржынындағы 15-мекеме.

«Біз Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік торап болып табылатын Алматы әуежайын қоржынға қосуға қуаныштымыз. Алматы стратегиялық тұрғыдан «қазіргі Жібек Жолында» орналасқан. Қазақстан— географиялық және экономикалық жағынан аймақтағы ең ірі ел, ал Алматы — Қазақстанның ЖІӨ-нің 20% -ын әкелетін ең ірі қала. Біз Алматы әуежайының дамуына айтарлықтай мүмкіндік бар деп санаймыз әрі жоспарды іске асыру үшін жұмыс істейтін боламыз».

Консорциумда TAV Airports үлесі 75%-дан кем емес, ал акция барлық заң шаралары аяқталғаннан кейін беріледі.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз