30 сәуірде сағат 17:30-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 83 адам тіркелді. Жалпы, 3356 науқаста коронавирус анықталған. Облыс және қала бойынша вирус жұқтырғандардың үлесі төмендегідей:

Астана қаласы бойынша 639 адам,
Алматы қаласында – 1028,
Шымкент қаласында – 192,
Ақмола облысында – 99,
Ақтөбе облысында – 109,
Алматы облысында – 138,
Атырау облысында – 135,
Шығыс Қазақстан облысында – 20,
Жамбыл облысында – 123,
Батыс Қазақстан облысында – 146,
Қарағанды облысында – 149,
Қостанай облысында – 49,
Қызылорда облысында – 198,
Маңғыстау облысында – 48,
Павлодар облысында – 129,
Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
Түркістан облысында – 124.

Бүгінде бұл індеттен 858 адам жазылған, ал 25 адам көз жұмды.