Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин аулада серуендеу кезінде қандай ережелерді сақтау керегін айтты. Бұл туралы Tengrinews хабарлады.

«Біз барлық тараппен осы мәселені талқылап, бір шешімге келдік. Таңғы сағат 05:00-ден кешкі 21:00-ге дейін аулада серуендеуге рұқсат беріледі. Біз ойын алаңдарын, сондай-ақ, орындықтарды күнделікті дезинфекциялайтын боламыз. Әрбір үйдің кріберісінде хабарламалар ілініп тұрады. Ол хабарламада аулада серуендеу ережелері көрсетіледі» деді Бекшин.

Сондай-ақ, ол аулада маскамен жүру қажет екенін тағы да ескертті.

Ал Астанада  карантин кезінде аулада серуендеу ережелерін қала әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен түсіндірді.

«Тұрғындар аулаларында серуендеу кезінде мына ережелерді сақтауы қажет. Көшеде төрт адамнан көп жиналуға болмайды, кәмелетке толмаған балаларға аулаға ата-анасының бірімен немесе 18 жастан асқан туысымен серуендеуге болады. Далаға серуендеуге шыққанда маска тағып, қолғап қию қажет. Сондай-ақ, өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек, үйінің маңындағы аулада ғана серуендеуге болады. Аулада серуендеу уақыты 06:00-ден 20:00-ге дейін» деді Мәкен брифинг барысында.

Ал 65 жастағы кісілерге, оның айтуынша, көшеге шығудың қажеті жоқ.


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз