М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті 27 ғылыми журналды тегін оқуға ашып қойды. Бұл туралы «Нож» онлайн-журналы хабарлады

15 мамырға дейін eLibrary.ru платформасында «Мәскеу университетінің хабаршысы», «Мәскеудегі табиғатты сынаушылар қоғамының бюллетені» журналдар сериясында жарияланған 25 мыңнан астам ғылыми мақаланы тегін оқуға болады. Материалдарды PDF форматында жүктеуге мүмкіндік бар. 

Естеріңізге салайық, осыған дейін Ресей ғылым ақадемиясы да 138 журналын тегін қарауға болатын етті. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз