Балаларды қашықтан оқыту үшін Польша Қазақстанға медициналық бетперде мен ноутбук жіберді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Бүгін Польшадан чартерлік рейспен отандық SCAT компаниясы елімізге гуманитарлық көмек әкелді. Wipasz компаниясы бірнеше рет қолдануға болатын 100 мың дана қорғаныс бетпердесі мен Любомирский князьдерінің қоры ноутбук беріп жіберді»,  деді министрлік.

Айта кетейік, осыған дейін 17 наурыз бен 12 сәуір аралығында АҚШ, Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, БАӘ мен Түркиядан да гуманитарлық көмек жеткізілген еді. Сонымен бірге, коронавируспен күресуде тәжірибесі бар қытайлық дәрігерлер елімізге келді. Ал Израиль, Оңтүстік Корея мен Жапония дәрігерлері қазақстандық әріптестеріне онлайн режимде тәжірибесін айтты. 


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз