Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған 216 922 адамға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге берілді. Бұл туралы Vласть хабарлады

Әлеуметтік төлем алуға 1,7 миллионға жуық адамнан 2,7 миллион өтініш тіркелді. Бір миллионнан астам өтініш қайталанып жіберілген.

«Өтініштерді қарау үрдісі ұзарып кетпеуі үшін тұрғындардан өтінішті бір рет жіберуін сұраймыз», – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

Өтінішті қарап, деректерді тексеруге үш күн керек. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры шешім қабылдағаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейін оның мәліметтері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекет корпорациясына жіберіледі. Корпорация мәліметті қараған соң өтінішті екінші деңгейлі банктерге жібереді. 

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік төлемге өтінішті eGov порталы, 42500.enbek.kz сайты мен Telegram-бот арқылы жіберуге болады.


Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз