Алматыда подъезді бір рет дезинфекциялау 600 теңгеден 9000 теңгеге дейін тұрады. Баға тұрғын үйдің қанша қабаттан тұратынына байланысты өзгереді. Бұл туралы Алматы қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ержан Сейтенов бүгін өткен брифингте хабарлады.

«Жалпы, дезинфекцияға 293 миллион теңге бөлінді. Әр подъезді дезинфекциялау үшін 600-ден 9000 теңгеге дейін қаражат керек. Мысалы, екі этаждық үйдің бір подъездін тазалау 600 теңге, ал 28 қабатты үйді дезинфекцмялауға 9000 теңге кетеді», - деді Сейтенов.

Оның айтуынша, Алматы әскери гарнизоны ортақ пайдаланылатын жерлері бар екі ауданды күнделікті өңдейді. «Сейбенбі мен сенбі күндері жұқтыру қаупі бар ошақтар, аурухана, емхана, шипажай мен азық-түлік базарлары дезинфекцияланады. Бүгінде бұл жұмысты 635 адам атқарады. Сонымен қатар, тазарту жұмыстарын орындау үшін 48 бірүккіш пен 14 бірлік техника қолданылады», - деп хабарлады Сейтенов.

Қоқыс жәшігі, аялдама, орындық, дүкен-дәріхана есіктері және жерасты мен жерүсті жолдарын «Алматы тазалық» пен аудан әкімшілігінің жалдаған ұйымдары аптасына екі рет дезинфекциялайды. 

Сейтеновтың айтуынша, жер үйлер орналасқан аймақтарда көше дезинфекцияланады, бірақ жеке территорияға дезинфекторлар кіре алмайды. 


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз