Қытай билігі елде бір тәулікте ешқандай өлім дерегінің тіркелмегенін айтты. 22 қаңтардан бері Қытай үкіметі күн сайын өлім жағдайын мәлімдеп отырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссия хабарлады.  

Соңғы тәулікте Қытайда 32 адам коронавируспен тіркелген. Олардың бәрі — шетелден келген азаматтар. 

Естеріңізге сала кетейік, 29 наурызда қытайлық билік вирустың таралуын тоқтатқанын мәлімдеген болатын. Наурыздың соңында Қытай Уханьдағы карантин режимін жеңілдекен еді. 2019 жылдың желтоқсанынан елде 81 мыңнан астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған, 77 мың адам жазылды, ал үш мыңнан астам науқас көз жұмған.


Біздің Telegram-каналға жазылыңыз