2 сәуірде Ақорданың сайтында әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлық шықты. Қазір бұл жарлық жайында не белгілі екенін анықтадық.

Әскери міндеттілер арнаулы жиында не істейді?

Блокпостта қызмет атқарады;

Елді мекендерді бақылайды;

 Жергілікті мекендерде санитарлық өңдеу жүргізеді;

 Көктемде болуы мүмкін су тасқынының алдын алуға қатысады;

Кім және қандай мерзімге шақырылады?

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың сөзінше, бірініші кезекте ерікті адам қабылданады. Қанша адамның қажет екенін әрі әскери жиынға қабылдау мерзімін жергілікті әкімдер шешеді. Әскери жиын он күннен үш айға дейін созылуы мүмкін. Әкімдер әскерге баруға міндеттілерді олардың денсаулығы, отбасылық жағдайы мен жасына байланысты анықтайды.

Арнаулы жиынның шарттары қандай?

Ермекбаевтың айтуынша, жиын кезінде әскери міндеттілер әскери қызметші статусын алады. Олар тамақ, киім және медициналық қамсыздандыру секілді барлық әлеуметтік жеңілдікпен қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге, әскери жиынға қатысқандардың жұмысы мен лауазымы сақталып қалады. Әскерге баруға міндеттілер мемлекеттен орташа жалақы алады. Ал жиынға дейін жұмыссыз болғандарға ең төмен жалақы — 42 500 теңге беріледі. Қорғаныс министрлігінің дерегінше, әскери жиынға адам күндіз жұмысқа барғандай қатысады, ал кешке үйге оралады.

Арнаулы жиынға кім шақырылмайды?

Қорғаныс, қауіпсіздік пен құқық қорғау саласында мемлекеттік қызметтегі тұлғалар;

мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның қызметкерлері;

егіс және оны жинау кезеңінде ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтін тұлғалар;

оқу жылы кезеңінде күндізгі оқу нысанындағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері;

 білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитындар;

әскери міндетті әйелдер;

үш және одан да көп баласы бар 18 жастағы адамдар;

қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларға қатысты шаралар қолданылатын адамдар;

Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті органдардың депутаты боп сайланған (тағайындалған) әскери міндеттілер.


Біздің Facebook-парақшамызға жазылыңыз