Әлемде коронавирус инфекциясымен тіркелгендер саны бойынша АҚШ көш бастап тұр. Джон Хопкинс университетінің деректерінше, Америкада 85 991 адам бұл инфекцияны жұқтырған. Қытайда науқас саны 81,7 мың, ал Италияда 80,5 мың. Бұл туралы TJournal хабарлады.

Көрсеткішке қарамастан АҚШ коронавирустан көз жұмғандардың саны бойынша алтыншы орында. Онда 1296 адам инфекцияның кесірінен қайтыс болған. Өлім жағдайы бойынша Италия бірінші орында (8,2 мың адам), Испания екінші (4,3 мың адам), Қытай үшінші (3,2 мың адам). Одан кейін тізімде Иран (2,2 мың адам) мен Франция (1,6 мың адам) тұр. 

Коронавирусты жұқтырғандар бойынша Американың бірінші тұруының себебін Дональд Трамп түсіндірді. Оның айтуынша, әлемде ешбір мемлекет коронавирусқа тестті АҚШ-тағыдай өткізбеген. 

27 наурыздағы деректерге сүйенсек, дүниежүзінде 532 мың адамда коронавирус тіркелді. Оның 122 мыңы аурудан айыққан, ал 24 мыңы қайтыс болған. 

Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз