Мемлекеттік комиссия Алматы мен астанада карантин режимін күшейту туралы шешімін бекітті. Жаңа ережелер 28 наурызда сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді. Карантин режимі төмендегі ережелер арқылы күшейтіледі:

  • Азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алу не жұмысқа бару себептерінен басқа жағдайда тұрғындардың үйден шығуын шектеу;
  • Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақ, сквер, жаяу жүретін көше, жағалау, ойын алаңы және т. б.);
  • Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
  • Көшеде және басқа да қоғамдық орында үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелері саналмайды);
  • Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу.

Біздің Instagram-парақшамызға жазылыңыз