26 наурызда сағат 12:20-дағы жағдай бойынша Қазақстанда тағы 9 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Оның бәрі еліміздің астанасында тіркелген. Бұл туралы Vlast.kz хабарлады.

Жалпы, Қазақстанда 97 адамда коронавирус табылған. Оның 55-і астанада, 34-і Алматыда, екеуі Қарағанды мен Шымкентте болса, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл мен солтүстік облыстарында бір-бір деректен тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бүгін таңертең астанада бес адам, Алматыда екі адамның коронавирус жұқтырғаны мәлім болды.