Екі жылдан кейін топ Visa-мен серіктестікте жаңа трек шығарды
Екі жылдық үзілістен кейін танымал бойз-бенд Ninety One жаңа музыкалық трек пен бейнебаянның тұсаукесерін өткізді. Iya Iya деп аталатын туынды әлемдік цифрлық төлемдер индустриясының көшбасшысы Visa компаниясымен серіктестікте жасалды.
Iya Iya бейнебаянында Ninety One тобының әншілері жанкүйерлер сүйіп тыңдайтын қарқын, жылдамдық және батылдық сияқты сол бұрынғы энергиясын паш етеді. Басты назар қозғалыстың динамикасы мен еркіндігіне қойылған — бұл әннің басты тақырыптары.
«Visa үшін бұл жай ғана серіктестік емес — бұл өңірдің креативті индустриясының дамуына қосқан үлес. Iya Iya бейнебаянында Ninety One-мен бірлесу арқылы біз цифрлық төлем технологияларының мәдениетке қалай табиғи түрде еніп, шабыт беріп, біріктіре алатынын көрсеттік. Біз шығармашылық бастамаларды қолдау адамдардың әлеуетін ашуға, жаңа экономикалық мүмкіндіктерді қалыптастыруға және идеялар, ынтымақтастық пен инновациялар үшін кеңістік құруға септігін тигізетініне сенеміз», — деді Visa компаниясының Орталық Азия бойынша вице-президенті және аймақтық менеджері Санжар Сүлейменов.
Топтың шығармашылығы өңірлік музыкалық индустрияға жаңа ырғақ береді, ал Visa технологиялары ілгері жылжуға көмектеседі. Мәселен, бейнебаянда көрсетілгендей, смартфон немесе сағат арқылы Visa-мен жасалған төлем тек бірнеше секундты ғана алады.
«Үзілістен соң қайта оралғанда, ең маңыздысы — жан дүниені қозғайтын музыкамен келу.Iya Iya — алға ұмтылу туралы ән. Бұл қадамды Visa-мен бірге жасау бізге қуат берді: бірлескен жұмысымыз ойымызды айқындап, тыңдармандарға жаңаша жеткізуге және алға жетелейтін энергия сыйлауға мүмкіндік берді», — деп атап өтті Ninety One тобы.
Жаңа Iya Iya бейнебаянын топтың Youtube-арнасынан көруге болады.
Visa (NYSE: V) — цифрлық төлемдер индустриясының жаһандық көшбасшысы. Компания 200-ден астам ел мен аумақта тұтынушылар, бизнес, қаржы ұйымдары және мемлекеттік мекемелер арасындағы төлем операцияларын өңдейді. Біздің миссиямыз — инновациялық, ыңғайлы, сенімді әрі қауіпсіз төлем желісі арқылы әлемді біріктіру, тұтынушылардың игілігіне және бизнестің, экономиканың өркендеуіне ықпал ету. Біз экономикадағы баршаға қолжетімділікті кеңейту бүкіл әлемдегі адамдардың әл-ауқатының артуына сеп болып, болашақта жаһандық ақша айналымының негізіне айналады деп сенеміз. Толығырақ мына сілтемеде.
Комментарии
Подписаться